Қош келдіңіздер!
YouTube.com сайтында әр адам өз блогын немесе арнасын (канал) ашуға болады. Ол жерде қаншама миллион адам күніне отырады.
Неге қазақша видео блогтар аз? осы сұрақты көптен бері ойланып жүрмін.
YouTube сайтында ақша табудың жолы бар яғни ол рас. Сол себептен мен 4 жылдай эксперимент жүргізіп кележатырмын.

YouTube-тен бір жақсы азаматты кездестірдім, ол дәл кәзір 500 кейде 1000 АҚШ долларын 40 күн сайын алып тұрады. Барлығын түсіндірді.
Бірақ ең басын бастағанда ең қиыны арнаға (канал) адам жинауы қиын деп айтты.

-Құрметті отандастар, достар, қыздар мен жігіттер, ағалар мен әпкелер, әжелер мен аталар. Осының барлығын қолға алыңыздар. Біздің қаншама шаруамыз бар, домбыра тарту, гитарада ойнау, барабанда ұру, мал шаруашылығы, күлкілі сериалдар, көлік туралы, спортпен айналысу, химиялық эксперимент жасауда, психиалогия сабағы, осындай әр-түрлі жанрда өз ВИДЕО БЛОГыңызды ашып адамдарға пайдасын тигізіп және өзіңізге пайда алып неге жарыққа шығармасқа, кәзір есік сыртында 21 ғасыр.
YouTube-тегі ескертулер.
Естеріңізде болсын. Видеоларыңыздың ішінде Шетелдік немесе орыс, қазақ болсын әндері болса салмаңыздар. Олар АВТОРЛЫҚ құқұқпен қорғалған. Егер салған сәттен бастап сіздің арнаңыз қара тізімге жатқызылады, яғни болашақта табыс табуға қиын соғады. Өзіңіздің музыкаңыз және өзіңіздің видеоларыңыз болғанға не жетсін.
Ендеше барлығыңызға сәттілік тілеймін.
Комментариев нет:
Отправить комментарий
Қазақи Ютуберлер жасасын!